Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Хорошун Сергей Михаилович

31.10.2017, 10:50
Хорошун Сергей Михаилович

1966 жылғы 26 наурызда туған.

Білімі:

Целиноград инженерлік-құрылыс институты – инженер-құрылысшы.

Еңбек жолы:

1990–1995 жж.- "Целинограджилстрой" ӨҚҰ;

1995 –1998 жж – Целина теміржол басқармасы;

1998–2000 жж. – «Қалалық коммуналдық қожалық» МКК КҚБ бөлім бастығы, бастығының орынбасары;

2000 жылы - Коммуналдық қожалық департаментінің директоры;

02.2005 ж. – Астана қаласы Энергетика және коммуналды қожалық  департаментінің директоры;

2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

Мемлекеттік наградалары:

«Құрмет» орденімен, «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Қызметтік нұсқаулықтар:

Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №06-40“Астана қаласы әкімі, оның көмекшілері мен аппарат жетекшілері арасында міндеттерді бөлу туралы» өкіміне сәйкес, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошун:

1. Сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметі, жер қатынастары, үлестік құрылыс саласында қабылданатын Астана қаласы әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) қаулыларының, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапкершілік алады.

2. Астана қаласы әкімі орынбасарларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.

3. Қаланы дамыту және аумақтар құрылысы, елорданың сәулеттік келбетінің қалыптасуы, тұрғын үй құрылысын дамыту, жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі жер қатынастары саласындағы Әкімнің актілері мен тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

4. Астана қаласының бас жоспарын іске асыру, қалалық инфрақұрылым объектілерін дамытуды кешенді жоспарлау бойынша жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады.

5. Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында құрылыс салу және қызметті лицензиялау, аттестаттау саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді.

6. Астана қаласын дамытудың бекітілген бағдарламалары мен салу ережелеріне сәйкес Астана қаласының құрылыс кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметін үйлестіреді.

7. Өз өкілеттігі шегінде даму бағдарламаларын дайындау және іске асыру, нақты жоспарлау жобаларын әзірлеу, құрылыс және қайта жаңарту жобаларын сараптау мәселелерін қарастырады.

8. Астана қаласында жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді.

9. Лицензия және басқа да рұқсатнама құжаттарын ресімдеу кезінде шарттық, қаржылық, талап-арыз құжаттарына заңды тұлға басшысының бірінші қол қою құқығына ие.

10. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында әкімдік өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз етеді.

11. Әкімінің бірінші орынбасары: 

1) «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

3) «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

4) «Астана қаласының Жерді пайдалануды және қорғауды бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

5) «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

6) «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көркем-құйма комбинаты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

7) «Астана бас жоспары» ғылыми зерттеу жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

8) «АҚҚБ «Жаңа құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

9) «Елорда даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

10) «Астанагорархитектура» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 

11) «Астанастройинжиринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; 

12) «Нұрлы-Астана» корпоративтік қоры;

13) жобалау ұйымдары;

12) құрылыс кешенінің кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысына жетекшілік етеді, үйлестіреді және өзара әрекет етеді.

13. Әкімінің бірінші орынбасары:

1) Құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау туралы комиссияны;

2) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссияны;

3) Астана қаласында жер учаскелерін беру жөніндегі комиссияны;

4) Бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан тұрғын үй объектілері бойынша үлестік құрылыс қатысушыларын қайта бөлу мәселелері жөніндегі комиссияны;

5) Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою, тұрғын үйді бұзу, жаңа объектілерді салу және нақты құрылыс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.