Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 16:23 Жаңалықтар / Бизнес және кәсіпкерлік
Астанада шағын және орта бизнес жақсы дамуда

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Астанада жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 42534 бірлікті құрады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда саны 4 213-ке немесе 10%-ға артқан, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Заңды тұлғалардың 98,2%-ы шағын, 1,1% - ы орта және 0,7%-ы ірі. Ал олардың ара салмағы аудандар бойынша былай бөлінген: Алматы - 27,7%, Сарыарқа - 26,2%, Байқоңыр - 23,0%, Есіл - 23,1.

Заңды тұлғалардың ең көп жұмыс істеп тұрған салалары сауда - 28,1%, құрылыс – 19,0% - ға, өзге де қызметтерді ұсынуда - 10,6%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 7,6%, өнеркәсіп саласында - 5,3%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету - 5,2% - ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың негізгі бөлігі - 92,4% шаруашылық серіктестік нысандары. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 3% -ы қоғамдық, діни бірлестіктер мен қорлардың, мекемелер - 1,4 %,тұтыну кооперативтері - 1, 2% - ға, заңды тұлғалар бірлестіктері - 0,7%, мемлекеттік кәсіпорындар - 0,6 %, акционерлік қоғамдар бойынша - 0,5%, өндірістік кооперативтер - 0,1%, өзге де ұйымдық - құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың - 0,1% үлесіне тиесілі.

Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар басшыларының арасында ерлердің үлесі 69,5% - ды, әйелдер - 30,5% құрайды. Жыл басында олардың үлес салмағы былай болған: ерлер 70,3%, әйелдер - 29,7%.

Негізінен әйел адамдар білім саласында басшылық етеді - 60,4%; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 50,9%; орналастыру бойынша және тамақтану қызметі - 43,5%; қаржы және сақтандыру қызметі - 40,9%; жылжымайтын мүлікпен жүргізетін операциялар - 37%; кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 36,8%.

2018 жылдың тамыз айында статистикалық бизнес-тіркелім бастапқы тіркеуден өткен 654 заңды тұлға субъектісімен толықты. Ал осы аралықта жабылған бизнес субьектілердің саны - 98.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.