Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 15:52 Жаңалықтар / Ауа райы
Елордада қар, қатқақ, тұман күтілуде

«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Алдағы күндері астанада қар жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша 11 қыркүйек күні күн ала бұлтты болып, түнде аздаған жауын-шашын жауып (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстік бағыттан жел м/с 5-10 жылдамдықта соғады, ауа температурасы түнде +2...+4°С, жер қабаты қатуы мүмкін, күндіз +10...+12°С.

12 қыркүйек күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан м/с 2-7 жылдамдықпен соғады, ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +13...+15°С.

13 қыркүйек күні көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан м/с 5-10 жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°С.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.