Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 15:31 Жаңалықтар / Спорт
Денсаулық фестивалі өтті

Демалыс күні «Астана триатлон паркі» саябағында «Сау болған – сәнді! Саламатты санға жет!» ұранымен кең ауқымды «Денсаулық фестивалі - 2018» акциясы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын белсенді саламатты өмір салтын ұстануға жұмылдыру.

Іс-шара ҚРДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының Бас директоры – В. Ахметов және Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы К. Надыровтың таныстыру сөзінен басталды.

Кең ауқымды акцияға қолдау көрсету ретінде Қазақстан Республикасының атаулы спортшылары, Олимпиада чемпиондары: ҚР ММА Федерациясының Президенті Асылбек Дюйсенов, бразилия джиу-джитсуы бойынша чемпион Арманжан Рузахунов, марафоншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға КТС Жоғарғы лигасының чемпиондары, «Спарты Номад» командасының капитаны, Данияр Жұмадилов қатысты.

Іс-шараның шеңберінде жаппай жүгіру ұйымдастырылды, оған акцияның қонақтары - Данияр Жұмадилов және Марат Жыланбаев қатысты.

Сонымен қатар, «Дене мәдениеті аумағы» спорттық сайыстары өткізілді.

Жүгіріс пен сайыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталып, олар ескерткіш сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, акцияның ең жас қатысушылары анықталып, марапатталды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.