Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 14:43 Жаңалықтар / Мәдениет
Астана шақырады: осы аптада қайда баруға болады...

Астана әкімдігінің ресми сайты 10-16 қыркүйекте өтетін мәдени және спорттық іс-шаралардың апталық жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайында қыркүйектің соңына дейін «Астана – арман қала» атауымен Қазақстан Республикасы Суретшілер академиясының сурет және қолданбалы өнер көрмесі мен Павлодар қаласының «Қасиетті жерлерге саяхат» пленарлық жұмысы өтеді.

Арнайы залдарда Конституцияның құрметіне арналған «Ата заң - ел тірегі, Астана – ел жүрегі» көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған көрме де жұмыс жасауда. Ол жерде фотожурналист Нұрмұхамат Имамовтың да шығармашылығына арналған көрме жұмыс істеп тұр. Барлық көрмелерге аптаның кез келген күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін баруға болады. 

«Жастар» сарайында астана тұрғындары мен қонақтары балдың түрлі сорттарынан дәм татып көре алады. 14-16 қыркүйекте ол жерде «Тәтті бал әлемі» көрмесі өтеді. Жұмыс уақыты – сағат 10:00.

15 қыркүйекте сағат 17:00-де қалалықтарды «Астана» концерт залы шақырады. Бұл жерде қазақ оркестрінің қатысуымен Нұрлан Бекеновтің шығармашылық кеші өтеді.

Осы күні сағат 19:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Жайдарман» халық жастар ойыны өтеді. Астана қаласы әкімінің кубогы үшін Қазақстанның түрлі аймағындағы бірнеше командалар жарысқа түседі.

«Қазақстан» орталық концерт залында әзіл кеші болады. Бұл жерден «Однажды в России» юморлық шоуын көруге болады. Ал 16-сы мен 19 қыркүйек аралығында Экспо Холл Энергияда «Көңілді тапқырлар алаңы» атты өнертапқыштардың Қазақстан чемпионаты өтеді. Басталуы: 19:00.

Бұдан басқа, 10-16 қыркүйекте Астанада көптеген спорттық іс-шаралар өтеді.  12 қыркүйекте «Қазанат» ипподромында қалалықтар «Ұлы Дала Рухы» республикалық фестивалінің финалдық жарысына куә болады. Жарыста ұлттық ойын түрлерінен бәйге, көкпар, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі т.б. өтеді.

Осы аптада КХЛ чемпионаты шеңберінде 2018-209 маусымында астаналықтар өздерінің сүйікті хоккей командасы «Барысқа» жанкүйер бола алады. Матч 12, 14, 16 қыркүйекте «Барыс Арена» мұз алаңында өтеді. Астаналықтар «Нефтехимик», «Торпедо (НН)» және Ақ Барспен кездеседі.

16 қыркүйекте «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешенінің территориясында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана марафон – 2018» өтеді. Басталу уақыты: сағат 7:00-де. 

Аптаны ҚР футболдан «Астана» ФК – «Қайсар» ФК Лига премьерасы клубтары арасындағы чемпионаты аяқтайды. Командалар арасындағы ойынды 16 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Астана арена» стадионынан көруге болады.  

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.