Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 12:15 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
«Бизнес в стиле фанк» әлемдік бестселлерінің авторы астаналық кәсіпкерлермен жүздеседі

Астанада 22-23 қыркүйек аралығында жаңа форматта «Astana Bastau-Бизнес аумағы» бизнес-семинары өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Форумды Астана қаласы әкімдігі мен «Синергия» бизнес мектебі, «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі бірлесіп өткізуде.

«Астана-Бастау. Бизнес аумағы» – тегін білім беру жобасы, оның мақсаты кәсіпкерлер мен бизнесмендер арасында жаңа бизнес мәдениетін қалыптастыру.

Форумның салтанатты ашылуына Астана әкімі Әсет Исекешев қатысады және «Бизнес в стиле фанк» әлемдік бестселлерінің авторы Кьел Нордстрем сөз сөйлейді.

Семинарда спикерлер ретінде «Бизнес в стиле фанк» бестселлер авторы Кьел Нордстрем, ТМД-дағы нөмірі 1 нетворкинг бойынша сарапшы Гил Петерсил, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов және қоғам қайраткерлері, BI Group директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев т.б әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді.

Семинарда қатысушылар келесі бағыттар бойынша біліктіліктерін арттыра алады: бизнесті цифрландыру (орау, трафик және лидогенерация), инвестицияларды тарту, бизнесті үлкейту және тиімді сатуды құру техникасы.

Семинардың негізгі мақсаты- бизнесмендерге өз ісін және жалпы ойлауды өзгерту арқылы алға сапалы серпіліс жасауға мүмкіндік беру.Семинар бизнестің заманға сай дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді.

Іс-шара 22-23 қыркүйек «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді.

Кәсіпкерлерге қатысу - тегін (онлайн-тіркеу кезінде БСН/ЖСН расталған жағдайда).

Толығырақ https://astanaforum.info/

Телефон: +7 (727) 237-77-89.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.