Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.09.2018, 12:09 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Айналайын, абайла!

Кәмелетке толмағандарға қатысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау, көшелер мен жолдардағы балалардың қауіпсіздік дағдыларын нығайту, сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында осы жылдың 1-10 қыркүйегі аралығында Астанада «Назар аударыңыз – балалар!» атты жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында оқу мекемелері орналасқан орындарда жол қауіпсіздігі қозғалысын ұйымдастырудың көше-жол желілері мен техникалық құралдарына тексеріс жүргізілді. Мектептер мен балабақшалар маңында жүргізушілер жылдамдықты 40 км/сағ дейін азайту керек. Автокөлік жолына назар аудару үшін арнайы жазба, яғни автокөлікке арналған «Балаларға назар аудар!» ақпараттық қалқан әрекет етуін қайталайды (ақпараттық қалқан 40 км/сағ жылдамдығын шектеуге бағытталғанын еске саламыз).

Сонымен қатар, мектеп және балабақша жанындағы қауіпті деп саналатын жолдарға көліктің тез тоқтауын және жан-жаққа лақтыруын болдырмауға арналған қызыл түсті арнайы резеңке жолақтар қойылды.

Олар машинаның тежеу қашықтығын үш есеге дейін азайтады, сондай-ақ, білім беру мекемелерінің жанында жүргізуші жылдамдықты төмендетуін ескеруі қажет.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.