Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

08.09.2018, 14:47 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Кәсіпкерлерге аттракциондардың қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қалалық әкімшілік алаңында «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламентін (038/2016) түсіндіру бойынша өңірлік штабы дөңгелек үстел өткізді. 

Аталмыш іс-шараға Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, қала әкімдігінің Алматы, Сарыарқа, Есіл және Байқоныр аудандарының өкілдері, Астана қаласының ІІД, Астана қаласының ТЖД, Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының  өкілі, сонымен қоса аттракциондарды қолдану саласында қызмет жасайтын қала бизнес-қауымдастығы өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты - аттракциондар қауіпсіздігі туралы түсіндіру. Яғни аттракциондарды жобалау, монтаждау, баптау, қолдану кезінде қауіпсіздік талаптары, сәйкестікті растау, сертификаттау жүргізу реті, сонымен қоса, техникалық регламент талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірдіру. 

Сондай-ақ, аталған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одағының аумағына алғаш шығарылған аттракциондарға тарайды. 

Бұл техникалық регламент уакытша және тұрақты аттракциондарға, сонымен бірге еркін құлау мұнараларына, айналу доңғалағы, кинотеатрлардың механикалық орындықтары, автодромдар және картингтер, үрленген сырғанақтар және батуттар, атыс тирі, «тарзанка», және де су құламалары және трамплиндерге таралатын болады. 

Сонымен бірге, техникалық регламент балалардың ойнау алаңдары құралдарына және азғантай дәрежеде потенциалдық биомехникалық тәуекел  бар (RB-4), аталған техникалық регламент күшіне еңгенге дейін шығарылған және қолданған аттракциондарға қатысты таралмайды. 

Сәйкестігін растауға алғаш әкелінген, жиналған және қолдануға дайындалған аттракциондар, өмірлік цикл сатысын ескере отырып, жобалауын, өңдіруін, құрастыруын және баптауын қоса алғанда, осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау міндетті сертификаттау және декларациялау түрінде жүргізіледі.

Нәтижесінде ашық диалог және пікір алмасу өтті, дөңгелек үстел қатысушылары қызықтыратын сұрақтар қойып, жұмысқа қажетті ұсыныстар алды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.