Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

06.09.2018, 17:37 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Астана жолдарында көлік апаты айтарлықтай төмендеді

«Сергек» камерасын орнатқаннан кейін Астанада жол-көлік оқиғалары азая түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Қалада осы жылы 8 айдың ішінде небары 308 ЖКО тіркелді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22% төмендеген (396). 

Жол апатынан жарақат алғандар саны да қысқарды: биыл 348 болса, былтыр 427 (19%). 

Бұдан басқа, жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны да екі есеге қысқарған (қаңтардан тамыз айына дейін ЖКО 40 адам көз жұмған, яғни 8 айда 2018 жылы – 20 адам).

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.