Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

05.09.2018, 18:29 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Астанада тыныштықты сақтау ережесін енгізуді ұсынуда

Әкімдікте Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала прокуратурасының басшылығымен, ҰҚК департаменті, Астана ІІД, жергілікті полиция қызметі, iKomek (109) қалалық талдау және мониторинг орталығы, қалалық басқармалардың қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ІІД басшысы Марат Қожаев өзінің баяндамасында астанадағы жағдайдың тұрақты екендігін айтты. Оның мәліметінше, алғашқы жарты жылдықта қылмыс деңгейі 30% төмендеді, сондай-ақ ашылған қылмыс саны 6,2% ұлғайды, оның ішінде «өткен жылғы» ашылған қылмыс 31% өсті, оның әрбір төртіншісі ауыр және аса ауыр қылмыс санатына жатады.

Оперативті қызмет үшін қаланың технологиялық жабдықталған ролі де айтылды. «Сергек» жобасын босатқалы 7 ай ішінде ЖКО осы жылы 21% дейін төмендеді, жарақат алғандар саны 19%, қайтыс болғандар саны 51% азайды. Бейнебақылау камералары тиімділігін көрсетті және жедел-іздестіру шараларында да. Оның көмегі арқылы жыл басынан бері «ізін суытпастан» 507 қылмыс ашылды және 45 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

«Осы жылы 185,5 мың әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оған айыпты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл сөзсіз қала халқының арасында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастырады. Қабылданған кешенді шаралардың арқасында осы жылы қылмыстың айтарлықтай төмендегі байқалады, оның ішінде қоғамдық орындарда жасалған, көшелер мен жол-көлік оқиғалары бар», - деді Марат Қожаев.

Астана қаласының прокуроры Болат Дембаев мүліктік қылмыс есебінен де болған қылмыстың деңгейі төмендегенін, ІІД органдарымен бірлесіп профилактика жүргізгенін айтты.

Жиын барысында елорда әкімі Әсет Исекешев «Астана – қолайлы және қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарын бөлді:

1.   Құқық бұзушылықтың алдын алудың кешенді қадамы. Ол үшін Астана қаласының әкімдігі апта сайын қала қауіпсіздігінің жағдайын қарастырады. Бүгіннің өзінде шара қылмыс деңгейін төмендетудегі жақсы құрал екенін көрсете алды. ЕХРО-2017 көрмесі кезінде прокуратурамен, ҰҚКД, ІІД және ЖПҚ бірлесіп жасаған қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс жүзіндегі алгоритм нәтижесі, ірі халықаралық шараны жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік берді және 2018-2019 жылғы Астанадағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жоспарының негізінде жатты. Қабылданған шараларды есепке ала отырып принциптерді жетілдіріп, жұмыс жоспарына түзетулер енгізу қажет, бұл астананың республика бойынша қауіпсіздік жөнінде лидері болу үшін керек. Негізгі индикатор болып, әрбір астана тұрғындары мен қонақтарын қамтамасыз ету үшін - жоғары тұлға және мүлкі қорғалғанын әлеуметтік тұрғыдан сезіну басты көрсеткіш.

2.  Тұрақты криминологиялық талдау, әрбір жасалған қылмыстың себебін анықтап және оны жасаудағы жағдайды жеке-жеке тоқталып қарауға бағытталады. Мысалы, көптеген ірі қалаларға тән негізгі бұзушылықтың түрі анықталды – ол пәтер, қалта, көлік ұрлығы, алаяқтықтың түр-түрі, тонау және қарақшылық, автобөлшектерді заңсыз сату, қара және түсті металлдардың сынығын ұрлау. Аталған шаралар мемлекеттік органдарға өз құзыреті шеңберінде топтық бұзушылықтардың әрбірін дәлме дәл шешуге мүмкіндік береді және алғашқы шаралар қатарын қабылдайды: нарықта тәртіп орнатып, автотұрақтарда күзет орындарын салады, учаскелік сақшылардың санын көбейтеді, қосымша камералар мен жарықтандыру орнатады.

3.  Қауіпсіздікті цифрландыру. Қолданыстағы шаралармен қатар оперативтілікті жоғарылату үшін жаңа технологияларды қолдануға өту қажет. Астанада елдегі ең үздік техникалық инфрақұрылым жабдықталған. Қазір қала құрылымы жиналған мәліметтерден талдауға ауысуда. Ең маңызды қадам қаладағы барлық камераларда жасанды интеллект негізінде тұлғаның түр-әлпетін тану жүйесін енгізу болып табылады. Әкімдіктің өкілетті органы ҚСКжАЕ бірлесіп Есіл сауда үйінде пилотты жобаны іске асыруда. Алдағы уақытта жобаны үлкейтіп қаланың барлық автобустарында, әуежайда, вокзалда, ірі дүкендерде іске асыру жоспарлануда.

«Big Data» үлкен мәліметтер талдауының көмегі арқылы жасалған предиктивті талдау астананың криминогендік картасын қалыптастырып және интерактивті мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қылмыстың қайда жасалатынын болжап, қауіпті тәуекел аймағы бойынша мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар.

Ол үшін бір мезетте жиын өтіп және болуы мүмкін орындар мен маршруттардың жарысуы, кесте туралы уақытша мәлімет, апта күндері, жалақының төленуі, туысқандығы туралы әлеуметтік статус мәліметтері, достық, қаржы транзакциялары, 150-ден 150 метр алаңға дейінгі учаскелерде орнын анықтауды талдауға мүмкіндік береді.

Полицейлердің қолына арнайы планшеттер берілуде, полицейлер арнайы берілген аумақтағы «Сергек» камераларынан жедел мәлімет алады. Алынған мәліметке сүйене отырып ақпарат жиналады.

«iKomek» мониторинг және жедел әрекет ету қалалық орталығы жедел мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Бүгінде ТКШ саласындағы барлық сұрақтар біріктірілді (электр және сумен жабдықтау, ПИК, лифт компаниялары, қоғамдық көлік және т. б.). Енді 112 шұғыл ден қою орталығы құрылуда, келешекте олар АҚШ пен Канададағы «911» сияқты жұмыс жасауы тиіс. Қосылу 101, 102, 103 нөмірлерінен басталады. Бұл осы нөмірлер тиісті қызметтердің жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

1.  Жүйелі шараларды іске асыру

Бірінші кезекте мектеп инспекторларының санын арттыруды қарастыру керек.

«Полиция қызметкерлерінің абыройын арттыру бойынша және осы қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша бірінші кезекте, учаскелік инспекторлардың отыратын орнын дұрыстау. Ал қызметтік штатты үлкейту, учаскелік және мектеп инспекторларына жұмысқа тұрғысы келетіндердің санын арттыру бойынша оларға қызметтік үй-жай жағын қарастыру және астана өмір деңгейіне сай келетін қызметіне қосымша еңбекақы беру керек».

Материалдық-техникалық жарақтандыру басымдыққа ие. Жыл сайын автопарк жаңаруда, тек осы жылдың өзінде 40 көлік алынды. Сонымен қатар, аудандық департаменттер үшін жаңа ғимараттар қарастыру және осы жерде Құқықтық көмек орталығын ашу жоспарда.

Аудан әкімдіктеріне учаскелік инспекторларды бекіту кезінде сол ауданның тұрғындарымен келісіп бекітсе, ол сол аудандарға құқықтық, қоғамдық тәртіпті жақсартуға мүмкіндік береді деген ойдамын», - деді әкім.

Сонымен қатар, ІІД бастығы полицейлердің кәсіби қалыптасуын, қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында қолдана отырып, жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін қолдануға бағытталған полицейлерді дайындау орталығын құру туралы ұсынысы қаралады. Орталық полицейлерді интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік жағынан дамуына көңіл бөледі.

4.  Нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу

Заңнамалық шаралар арасында екі ұғым енгізу қажеттілігі анықталды: қалалық бейнебақылау жүйесі, жекеменшік бейнебақылау жүйелерінде мониторинг және қалалық бейнебақылау орталығына қосу мүмкіндігін қарастыру, құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда пайдалана алу мүмкіндігін қарастыру.

Базарлар мен темір-терсек, түсті металдардың сынықтарын және бұрын қолданыста болған қосалқы бөлшектерді қабылдау орындарын қадағалау жұмысын ұйымдастыру ұсынысы.

Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша ІІД-нің Германия елінің тәжірибесі бойынша демалыс күндері толық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша ұсынысы қарастырылады. Ол бойынша жөндеу және кез келген басқа да жөндеу жұмыстары, сондай-ақ нақты жұмыс регламентін бекіту, түнгі уақытта бірінші қабаттарда орналасқан дәмханалар мен мейрамханалардағы және көңіл көтеру орындарын шектеу.

Мәжілісті қорытындылай келе Әсет Исекешев үлкен әлемдік қалалардың қоғамдық тәртіпті және жаңа технологияларды енгізу бойынша тәжірибелерін ұдайы қадағалап отыруды тапсырды және қылмыстың алдын алуға қоғамның жәрдемдесу қажеттілігі айтылды.

«Қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресті арттыру бойынша қоғамның белсенділігі қажет. Құқыққорғау органдары қоғамның қолдауын сезінгені абзал, сол себепті барлық ұсынысты қалалық Қоғамдық кеңес талқысына салуды ұсынамын», - деді әкім.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.