Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

04.09.2018, 16:55 Жаңалықтар / Ауа райы
Алдағы күндері ауа райы ашық болады

Алдағы үш күнде күн ашық болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына«Қазгидромет» РМК хабарлады.

5-ші қыркүйек күні құбылмалы күн райы сақталып, жауын жаумайды. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +17...+19°С.

6-шы қыркүйек күні де құбылмалы ауа райы сақталады, жауын жаумайды. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +14...+16°С.

7-ші қыркүйек күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°С, күндіз +13...+15°С.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.